Жарияланды: 28.11.2019

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау — заман талабы

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017ж-2021жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  Аталған бағдарламаның негізгі міндеттері яғни, еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау болып табылатын белгілі. Осы орайда Шымкент аграрлық колледжі ауыл шаруашылығына қажетті техникалық мамандарды даярлдайтын озат оқу орындарының бірі болып табылады. Жуырда ғана осы оқу ордасында «Жылыжайда көкөніс дақылдарынан экологиялық таза өнімге қол жеткізу – бүгінгі күннің талабы» тақырыбында семинар өтті. Шымкент аграрлық колледжінің оқу-өндірістік базасында жылыжай кешендерінде жоғары сапалы, экологиялық таза өнімге қол жеткізу үшін көкөніс дақылдарының зиянкестеріне қарсы биологиялық күресу жолында – заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде үйрету үшін энтомофагтар өсірілуде. Бұл өз кезегінде техникалық мамандыққа оқып жатқан студенттерге тәжірибе алмасуда таптырмайтын оқы болмақ. Семинарға жылыжайлар қауымдастығының төрағасы, «МРиК» ЖШС директоры Мырзахмет Снабекұлы Снабаев, облыстағы жауапты аграрлық сала мамандары, жылыжай шаруашылықтарының агрономдары, шетелдік әріптес мамандар Украина мен Германиядан келген мамандар қатысты.

853 қаралым