Жарияланды: 28.11.2019

Е.Айтаханов: «Шымкентте атқарылар істер партия бақылауында болады»

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Елбасы, ҚР Тұнғыш Президенті, «Nur Otan» партиясы Төрағасы Н.Назарбаевтың жетекшілігімен партияның аймақтық филиалдарының өкілдерімен болған кездесуді түсіндіру және аталмыш мәжілісте қаралған тапсырмаларды іске асыру мақсатында қалалық партия филиалының активі өтті.Мәжілісте сөз алған Ерлан Қуанышұлы Елбасы Н.Назарбаев айтқан сайлауалды кезеңде партияның жұмысын күшейту және депутаттар жұмысы мен мәслихаттардың мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды жандандыру бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруды айтты.Сонымен қатар, Е.Айтаханов келер жылы қаланың шеткі аймақтарын газдандыру, ауыз сумен қамту, инфрақұрылым салаларын дамытуға басымдық берілетінін айтып, осы бағытта атқарылатын істердің өз деңгейінде және сапалы орындалуын «Nur Otan» партиясының филиалы тікелей қадағалау қажет екенін де назарға алды.Жиын барысында қалалық партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов пен мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараевтың баяндамалары тыңдалды. Жарыссөзге шыққан мәслихаттың фракция жетекшісі Б.Төлегенов фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін арттыру бойынша ұсынысын ортаға салды.Мәжілісті қорытындылаған Ерлан Қуанышұлы партия активіне партия жұмысын жаңғыртуда белсенділік танытуға шақырды. Іс-шара соңында 1 желтоқсан — Тұңғыш Президенті күніне орай партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

708 қаралым