Жарияланды: 28.11.2019

Партия билеті табысталды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының саяси кеңесінің мүшесі, ардагер-ұстаз Наталья Романова Білім және мұғалім мәртебесі туралы, ал Шымкент қаласы Жастар мәслихатының депутаты Жасмин Ашимова Жастар жылында атқарған жұмыстар туралы, Жастар Отанға бағдарламасы мен волентерлар жылының жоспары туралы сөз сөйлеп, партия жұмысын жүйелі жаңғырту бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. Мәжілісті партия филиалы төрағасы, қала әкімі Ерлан Айтаханов қорытындылап, партия активіне партия жұмысын жаңғырту жұмыстарында белсенділік танытуға шақырды.
Шара соңында «1 желтоқсан — Тұңғыш Президенті күніне» орай партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

1 045 қаралым