Жарияланды: 28.11.2019

«Менің туым –менің Отаным!»

Шымкентте 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай патриоттық акция өтті. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырған іс-шара Әл- Фараби алаңында ұйымдастырылды. Салтанатты жиында қала әкімі Ерлан Айтаханов көпшілікті мерекемен құттықтап, ұлт рухымыздың айғағы рәміздерімізге құрметтің ерекше сақталу қажет екенін жеткізді. «Елбасымыз атап өткендей, ерекше құнды белгілер ел тәуелсіздігін күллі әлемге танытты. Халқымыздың рухын, бастан кешкен тарихын, бүтіндей мәдениетін көрсетті. Ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, арман-тілегін жеткізді. Сондықтан әр азамат көк байрақ туымызды, әнұранымызды, елтаңбамызды қастерлеп, ардақ тұтуы тиіс», — деді қала әкімі.

708 қаралым