Жарияланды: 29.11.2019

Аналар кеңестерінің қатысуымен арнайы акциялар өткізілген

Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы 10 айды қорытындылады.Жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 674 бала және ата-анасы келісімімен 88 бала есепке алынған. Оның ішінде: 316-ұл, 358 — қыз. Мәртебесі бойынша: 369 – тұл жетім, 305 – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,-деді қоғамдық кеңес отырында есеп берген Жандос Қалтаев.Шымкент қаласы бойынша патронаттық тәрбиеде тәрбиеленіп жатқан 26 бала есепке алынған. Оның ішінде: 9 — ұл, 17 — қыз. Мәртебесі бойынша: 7 – тұл жетім, 19 – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 46 балаға жоғары білім алуы үшін оларға арналған мемлекеттік білім беру гранттары салтанатты түрде табысталды.Балаларды қорғау мақсатында қала аумағындағы балалар үйлерін отбасы үлгісіндегі үйлерге транформациялау мәселесі де қолға алынып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін арнайы құжаттар да әзірленуде.Сондай-ақ, қала аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы балаларды ерте жастан дамыту, оларға мектепке дейінгі тәрбие беру , бос уақытын тиімді қалыптастыру мақсатында арнайы орталықтар пайдалануға берілуде.Балалар үйіндегі балалардың отбасымен қауышуы бойынша бала асырап алушы отбасылармен «Аналар үйі» ҚҚ, ардагерлер және аналар кеңестерінің қатысуымен арнайы акциялар өткізілген.

787 қаралым