Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші Қайрат Нұртай, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысты.
Басқосуда Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дариякүл Қожамжарова және «Шымкент орыс драма театрының» директоры Игорь Вербицкий баяндама жасады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диолог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деген болатын.
Осы кездесуде билік пен қоғам арасында тұрақты диолог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыру және азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайту мәселері қаралады.