1-желтоқсан ҚР Тұңғыш президенті күніне орай Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қаламызда түрлі іс шаралар өткізілуде. Кардиоорталықта «1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» орай салтанатты жиналыс өткізілді. НҰРОТАН партиясының өкілі, кәсіподақ комитетінің төрайымы Г. Алимбаева өзінің баяндамасында: Бұл күннің шығу төркініне шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеген еді. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы екендігі ешкімде де дау тудырмасы анық жайт. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген ғаламат зор еңбегі танылған болатын. Заң жобасын қабылдау барысында сол кездегі Сенат спикері Қайрат Мәмидің: «Тәуелсіздіктің қайнар көзі 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміз алғаш рет бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде өзінің тұңғыш Президентін сайлап алғаннан басталған болатын. Сондықтан да, бүгін Қазақстан Республикасы өзінің Тұңғыш Президентін сайлаған күн — Мемлекеттік мереке күні болып бекітілді… Өз сөзінде ол барлық қазақ халқы өз еліне деген патриоттық рухты қалыптастыру қажет екенін айтты.
Жарияланды: 29.11.2019