Жарияланды: 24.06.2018

Ауыл шаруашылық техникалары арзан бағада

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында орналасқан Қазақ-Түрік индустриалды аймағында жеке инвестор көмегімен ашылған «Kaz Kioti» ЖШС-нің бүгінгі таңда жұмысы қарқын алған. Трактор зауытының басты мақсаты — жаңа бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық техникаларын шығару, деп хабарлайды күнгей.кз. Жылына бес мың трактор шығаруға қауқарлы зауытқа 7 млрд.теңге инвестиция тартылған. 400 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отырған жоба Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Корея Республикасының инвесторларымен бірге іске асқан. «Казкиото» таңбасымен шығатын тракторлар үш түрлі. Күш қуатына қарай 60,80 және 100 деп бөлінеді. Болашақта сұранысқа байланысты аталған марканың күш қуаты 140-қа жететін трактор жасау. Зауыттың ұстанымы «Халық тракторы» деген атаққа жету. Өңірдегі «Амангелді» ЖШС мен «Green Land» сынды 500-600 гектар жерлері бар қожалықтарда PX1002PC-AU KIOTI маркалы тракторлары өз жұмысын көрсетуде. Зауыт сапаға қатты мән берген. Арнайы мамандарды Оңтүстік Кореяда оқытқан. KIOTI тракторларында 1969 жылдан Ford, New Holland, Kubota сынды әлемге әйгілі брэндтердің озық технологиясымен жабдықталған. Бұл трактордің ерекшелігі өте үнемді және ұзақ мерзімге шыдамдылығы, жүрісі жұмсақ, рөлі гидравикалы, трансмиссиясы жартылай автомат. Кабинада бұрын соңды болмаған салқындатқыш орналастырылған және пеші бар, сырттағы қатты дауысты басатын арнайы әйнекпен жабдықталған, жалпы тракторшыға жағдай жасалған. Бағасына келер болсақ Корей еліндегі бағадан екі есе арзан алуға болады. Беларусьтың «МТЗ» тракторынан айырмашылығы KIOTI тракторының энергиясы көптігінде. Уақытында майын, фильтрлерін ауыстырып тұрса 15 жыл күрделі жөндеуді қажет етпейді.

 

1 408 қаралым