Жарияланды: 30.11.2019

Насихат жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданының әкімі аппаратында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға жәрдемақы, табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек беру бойынша мемлекеттік көмектің жаңа түрін түсіндіру жұмыстары және «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын түсіндіру жұмыстары  жүргізілді. Жиынға 200-ге жуық тұрғын қатысты. Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айналасуға көмектеседі. Кешенді шаралар 3 бағытты құрайды. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту, көрсетілетін көмек жайы қызықтырғандар көп болды. Жиын соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Алдағы уақытта бұл жоба бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

825 қаралым