Жарияланды: 30.11.2019

Жаңарған, жаңғыртылған көше аттары

Шымкент қаласына кейіннен қосылған елдімекендердегі қайталанатын көше атауларының қалай өзгеретінін қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы Сәкен Әбдіжаппар мәлімдеді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында барлығы 97 шағынаудан, 2129 көше бар. Алайда, оның ішінде атауы жоқ – 305, атауы қайталанатын – 28, моральдық тұрғыдан ескірген – 28 көше мен 24 шағынаудан бар. Қаладағы шағынаудандармен көшелерге атау беру және қайта атау бойынша Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауы өткен болатын. Нәтижесінде 24 шағынауданға жаңа атау берілетін болады.

 Азамат Жаппар

1 124 қаралым