Жарияланды: 01.12.2019

Инновациялық жобалар пайдаланылуда

Шымкенттің қай тарабына қарасаңыз да бүгінде көкке мойын созған алып құрылыс крандарын байқауға болады. Бұл өз кезегінде қалада құрылыс қазанының қайнап жатқанын көрсетеді. Сапалы құрылыс материалдарын пайдаланатындықтан үйлердің көркі көз тартарлықтай. «Ақылды үй» жобасымен салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер басым. Заманауи үлгіде салынып жатқан баспаналарда инновациялық жобалар пайдаланылуда. Шымкентте көп қабатты 60 тұрғын үй салынуда. Жалпы ауданы 208 202,9 шаршы метрді құрайтын құрылыс алаңында 3 556 пәтер орналасады. Биыл осы тұрғын үйдің 21-інің құрылысы аяқталып, 1154 пәтері пайдалануға берілмек. Оның 9-ы кредиттік, 12-сі арендалық (коммуналдық) бағытта беріледі. Ал келер жылға 70 пәтер өтпелі болып отыр.

876 қаралым