Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2017-2031 жылдар аралығында 1,5 млн үйдің кілтін табыстау көзделсе, соның 500 мыңын 2021 жылға дейін жүзеге асыру – басты міндетке айналып отыр. Осы мақсатта бюджет есебінен шамамен 159,6 млрд теңге қаржы қаралмақ. Бұл ретте тұрмысы төмен отбасылар, дәрігерлер, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлердің де пәтер алуға мүмкіндігі бар.Тұрғын үйге деген сұраныс бойынша 1,2 млн халқы бар Шымкент республикада үшінші орында тұр. Өңір тұрғындарының сұранысын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттен бөлетін қаражаттың 25,5 млрд теңгесіне шамалап банктер өз жобасын жасады. Онда жалпы көлемі 182 мың шаршы метрді құрайтын 2 802 пәтер болады деп жоспарланған. Шымкенттің Әкімшілік-іскерлік орталығында, Қ.Төлеметов көшесінің бойында, «Наурыз» алаңының маңында, «Тұран» шағынауданында көпқабатты үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Мұндағы жаңа пәтерлер жыл соңына қарай «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына табыс етіле бастайды.
Шымкент келбеті