Пәтер жалдап жүрген шымкенттіктердің біразына биыл баспаналы болуы бақыты бұйырғалы тұр. Бүгінгі таңда Шымкентте барлығы 132 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл 6513 пәтерлі көпқабатты үй. Алып құрылыстың басым бөлігі мемлекеттік бюджет есебінен салынуда. Шымкентте қазір салынып жатқан 4146 пәтерлі 75 тұрғын үй бюджет есебінен қаржыландырылған. Бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан үйлердің 14-і (828) арендалық бағытта, 2 тұрғын үй (70 пәтер) жатақхана типтес, ал 35 тұрғын үй (2232 пәтер) кредиттік бағытқа жатады. Сондай-ақ, 24 тұрғын үйдің (1016 пәтер) құрылысы «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы жүреді. Сондай-ақ, жеке құрылыс жүргізушілер өз есебінен 1919 пәтерлі 49 тұрғын үй тұрғызуда. Одан бөлек мемлекеттік жеке серіктестік бағыты бойынша 448 пәтерлі 8 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Біразы биылғы жыл соңында тапсырылатын болса, енді бір бөлігі келесі жылға өтпелі. Мұның барлығы да мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының арқасында жүзеге асырылып жатқан жобалар.
Жарияланды: 01.12.2019