Алдағы екі — үш жылда Шымкент қаласындағы көпқабатты үй аулаларында балалар және спорт алаңшалары толық салынып бітуі тиіс. Аудан әкімдері бұл жұмысты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асыратын болады.
Еңбекші ауданы бойынша бұл жұмыс басталып та кеткен. Ауданда 2019-2024 жылдар аралағында арнайы бағдарлама жасалып, 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Мердігерлер 5 жыл бойы аудандағы балалар және спорт алаңдарын күтіп ұстаумен қоса жаңа алаңшалар орнататын болады. Салынып біткен 25 алаңшаны күтіп ұстайды және алдағы уақытта 35 алаңша салады. Қала әкімі өзге үш аудан әкімдері де осындай бағдарлама әзірлеуі тиіс деген тапсырма берді. Себебі Шымкент қаласындағы көпқабатты үй аулаларында тозығы жеткен алаңшалар көп. Бір ғана Әл Фараби ауданы бойынша 161 алаңша жөндеулі қажет.