Жарияланды: 01.12.2019

Қала әкіміне ризашылығын білдірді

Шымкент қаласындағы Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясында Тұңғыш Президент күніне орай қайырымдылық іс- шарасы өткізілді. Іс- шараға көпбалалы және тұрмысы төмен 50 отбасы қатысты. Отбасыларға керекті азық түлік қамтылған 50 жиынтық берілді. Жалпы соммасы 536 620 теңге құрайды. Барлық іс шараға қатысушылар мемлекетіміздің саясатына, Елбасымызға, қала әкімдігіне өз алғыстарын білдірді. Соның ішінде көп балалы ана Оралбаева Замира осындай іс шараның болғанына, қала әкіміне өз рахметін айтты.

1 038 қаралым