Шымкент қаласындағы Абай ауданына қарасты Солтүстік-Батыс шағынауданы инфрақұрылыммен толық қамтылған. Шағынаудандағы көшелердің барлығы да асфальтталған. Жуырда аудандағы Талас көшесіне асфальт төселді. Ұзындығы 5 шақырымнан асатын көшеге жиекарықтар қойылып, аяқжолдар жасалды. Тұрғындар қала әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға дән риза.
Жарияланды: 01.12.2019