Жарияланды: 01.12.2019

650 млн. теңге қаражат бөлінген

Қаратөбе елдімекені мен Шымкент қаласын қосатын көпір жөнделіп бітуге таяу. Бұған дейін тұрғындардың қатынасына жарап тұрған ескі өткел 2003 жылы салынған. Қазір апатты деп танылған. Осыны ескерген қала әкімдігі өткелді жөндеп беруді ұйғарыпты.

Бұл елдімекеннің тұрғындары ертеректе аспалы көпірді пайдаланған. 2003 жылдан бастап, ені 4,5 ұзындығы 60 метрлік өткелді пайдаланып келеді, деп хабарлайды «Отырар». Жалғыз көлік әрең сияды. Қаратөбеліктердің қаламен төтесінен қосатын жалғыз көпір болғандықтан елге керек-ақ.

Елді мекен тұрғындарының өтінішін ескерген шаһар басшылары 650 млн. теңге қаражат бөлген. Сала мамандарының айтуынша, көпірдің ені 23, ұзындығы 110 метр болады және жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі.

882 қаралым