Жарияланды: 02.12.2019

Түрғындардың қауіпсіздігі бірінші орында…

Шымкенттіктердің қауіпсіздігі қала басшылығының ұдайы назарында. Өткен жылы «Сергек» бейнетаспа камераларынан мемлекеттік бюджетке түскен қаражат 1 миллиард 270 миллион теңгені құрады. Сонымен бірге жазатайым оқиғалар саны 16 пайызға азайды. «Сергек» — бұл жол ережелерін бұзуды ғана  анықтап қоймайды, сонымен қатар адамдардың қауіпсіздігіне жауап береді, өрт, төтенше жағдайлардың алдын алуға да септігі мол. Қалада көптеген  қоғамдық қауіпсіздік камералары орналастырылған. Сергек камералар тұрғын үйлердің аулаларында, мектептерде, саяжайларда және басқа жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, камералардан алынған мәліметтер қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ашуға көмектеседі.

947 қаралым