Жарияланды: 02.12.2019

Бөлек қақпа

Шымкенттің келбетіне шырай қосып тұрған дендросаябақта жаңғырту жұмыстары жалғаспақ. Биыл дендросаябақта қаншама көшет отырғызылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келер жылы дендросаябақта А.Байтұрсынов көшесі жағынан кіретін қақпа мен бөлек жол жасалатын болды.  Сондай-ақ, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті өкілдерінің айтуынша, саябақта жастарға арналған алаңдар ашылады.  Бүгінде дендросаябақта wi-fi орнатылған. Негізгі қақпаның кіреберісінде тосқауыл қойылып, тұрақ ақылы болады.

951 қаралым