Бес мыңға жуық адам Шымкент қаласындағы бизнесті дамыту мен инвесторларды қолдаудың бірыңғай орталығының мамандарына жүгінді. Жаңа кеңсе бірыңғай терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді. Фронт офис бизнес қауымдастық үшін тиімді алаңға айналуда. Инвесторларды ең алдымен қаланың инвестициялық мүмкіндіктері қызықтырары сөзсіз.«Бизнеске арналған үкімет» жобасын «Шымкент» ӘКК және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады. Бұл елдегі инвесторлар үшін арнайы фронт-офистер құру туралы Үкіметтің тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.Кәсіпкерлер мен инвесторларға көрсетілетін қызметтерді ұсыну процесін оңтайландыру мақсатында жергілікті мемлекеттік кірістер департаменті және көші-қон қызметі «Қазпошта» арқылы қызметтерін шоғырландыруға шешім қабылдады. Қазір орталық бірыңғай терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді. Инвесторлар мен кәсіпкерлерге тоғыз бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Бұған мемлекеттік қызметтер, жобаларды қолдау, маркетинг және бухгалтерлік қызметтер, мемлекеттік сатып алу бойынша консультациялар, CT KZ сертификаттау, қаржы институттары мен даму институттарының көмегі, бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, көші-қон, кеден және салық проблемаларын шешу көмектері кіреді.