Жарияланды: 02.12.2019

Санитарлық жұмыстар жүргізілді

Аумақты абаттандыру — бұл үлкен назар аударатын мәселе. Ауданның дамуы тұрғысынан тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мәселесі жақын болашақтағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың назарда ұстап отырған басты мәселесі. Шымкенттегі квартал ішіндегі және үй маңындағы аумақтарды санитарлық тазартуды «Аксемер-Строй сервис», «Нұр-Сәт», «Спецавтотранспорт» және «Барокбаев» ЖК жүргізеді. Көп қабатты секторда үш рет, жеке секторда аптасына екі рет тазалау жұмыстарын жүргізеді. Осы уақытқа дейін мердігер ұйымдар қалалық қоқыс полигонына сегіз мың текше метрден астам қоқыс шығарды, 607 шақырым суару желілері тазартылды. Аудан аумағында көпқабатты секторда орналасқан 107 қоқыс контейнерлер алаңының санитарлық жағдайы үнемі тексеріліп тұрады.

12 472 ағашты әктеу, 728 бұтаны санитарлық кесуі, 240 мың шаршы метр аумақты қырқу жұмыстары жүргізілді.

1 345 қаралым