Жарияланды: 02.12.2019

Тұрғын үй кешені бой көтереді

Шаһардың сәулетімен қатар құрылысына жауапты маманның сөзіне сенсек, қаланың ескі бөлігінде жаңа үйлер салынады. Яғни,  «Ескі қаланы жаңғырту» жобасы аясында «Қошқар ата» тұрғын үй кешені бой көтереді, деп хабарлайды 24.кз. Өзеннің жағалауы жаңа келбетке енеді. «Ескі шаһар» аумағы 2020 жылға қарай ашық аспан астындағы мұражайға айналады. Заманауи өнер музейі де осында бой көтереді. Қазір мұнда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Жер астындағы қала орнын аршыған археолог ғалымдар бұл жерден тарихтан сыр шертетін жәдігерлерге қол жеткізген.

1 179 қаралым