Жарияланды: 02.12.2019

7,450 млрд. теңге қаржы қаралған


Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 10 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласы аумағындағы білім беру нысандары бойынша бюджеттен 7,450 млрд. теңге қаржы қаралып, дәл қазіргі уақытта 10 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қалада жалпы саны 10800 орындық 15 мектептің құрылысы басталып, 2019 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша оның 5-і пайдалануға тапсырылды. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін 1200 орынды 1 мектеп пайдалануға беріледі. Ал, қалған 9 нысанның құрылысы 2020 жылы аяқталады.

780 қаралым