Жарияланды: 02.12.2019

Өңірлік әкімдіктер де үлес қосты

Бүгінде баспаналы болудың түрлі жолдары бар. Қор жинаудан бөлек, көмек түрінде көрсетілетін мүмкіндіктер де мол. Тұрғын үй сертификаттары түрінде алғашқы жарнаға көмек көрсету жолдары республикалық деңгейде талқыланған болатын. Оған өңірлік әкімдіктер де үлес қосты. Баспанаға деген сұранысы мол Шымкент де бұл мәселеден тысқары қалмақ емес. Соның нәтижесінде «Тұрғын үй қатынастары» және «Нұрлы жер» бағдарламасына, Үкімет қаулыларына өзгерістер енгізіліп жатыр. Заңнама қабылданғаннан кейін ипотекалық бағдарламасына қол жеткізу мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылады. Атап айтқанда, әлеуметтік көмек түрінде қайтарылмайтын негiзде бастапқы жарнаны жабу үшін 1 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификаты беріледі. Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың тізбесі жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімімен айқындалады. Екіншіден, бюджеттік кредиттер түрінде әлеуметтік қолдауды жылдық мөлшері 0,01% болатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша 15 жылға дейінгі мерзімге қайтарымды негізде беріледі.

823 қаралым