Жарияланды: 03.12.2019

«Мәңгілік ел болу үшін әдебиет ауадай қажет!»

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың «Шымкент – қайырымды қала» жобасына қолдау көрсетіп жатқан ұжымдар көп. Бүгінде қаланың әр тарабында ақын жазушылардың билдордтары ілініп, ізгілікке, адамгершілікке үндейтін өлеңдері жазылған. Жас өскінді кітапқұмарлыққа тәрбиелеу де бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Осы орайда Шымкент қалалық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы Жан Ақжановтың шығармашылық кеші өтті. «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе ночью», «Сенің түнгі күнің», «Путь врача», «Степь и судьбы» атты кітаптардың авторы Жан Ақжанов кітаптарын орыс тілінде жазады. Ұзақ жыл шет елдерде тұрған жазушы ағылшын, итальян, малай, тай тілдерін меңгерген. Қаламгердің кітаптарына ресейлік режиссерлар А.Кончаловский мен Н.Михалков қызығушылық танытып, экрандауға лайық деп таныған.«Мәңгілік ел болу үшін әдебиет ауадай қажет!» деген тұжырымын ұсынған Жан Ақжановтың бірқатар кітаптарында өз кәсібіне адалдық, тазалық, парасаттылық арқау болғандықтан кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Жазира Әлжанова да қатысып, өз пікірін білдірді.
Кездесуді жүргізген директор орынбасары Алпысбаева Г. жазушының шығармашылығы туралы кеңінен әңгімеледі. Оқырмандар Ж.Ақжановтың шығармашылығына, алдағы жоспарларына, шет елдердегі өміріне қатысты көптеген сұрақтар қойып, кеш қызу пікір алысуға ұласты.

1 397 қаралым