Жарияланды: 03.12.2019

Жастар мәселесі басты назарда

Шымкент қаласында қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қалалық Шымкент қаласы Отбасы балалар және Жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев, қалалық Жер қатынастары басқармасы басшысы Берік Әшірбеков 2019 жылдың 10 айы бойынша есеп берді. Басқарма басшылары есептік баяндамаларында өз салалары бойынша туындап жүрген бірқатар мәселелерді ортаға салды. Қалалық Отбасы, балалар және Жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев қаламызда 264 мың жасқа 1 ғана Жастар ресурстық орталығы қызмет ететінін және әр ауданнан 1 орталық ашылуын сұрады. Ол өз сөзінде, Түркістан облысында әр ауданда 1 Жастар ресурстық орталығы бар екендігін ортаға салды. Оның айтуынша, кейбір аудандарда жастар саны бар жоғы 55 мыңды құрайды.

954 қаралым