Жарияланды: 03.12.2019

Бұл жиын бұрыңғыдан өзгерек

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ҚР Тұңғыш Президент күні аясында «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» атты Жалпыреспубликалық ашық сабағы өтті. Оған университеттің 8000-ға жуық студенттері қатысып, лекторлардың Елбасы жөніндегі дайындаған баяндамаларын тыңдады. Бұл жиын бұрыңғыдан өзге. Неге десеңіз, әр лектор өзіндігінше Елбасы жайлы сан түрлі ақпараттармен бөлісті. Лекторлар қатарында облыстық мәслихаттың депутаттары мен мемлекеттік қызметшілер бар. Әр тұлға студенттерге жеке – жеке дәріс оқып, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмір жолымен таныстырып, ұлт көшбасшысы жайлы естеліктерімен де бөлісті. Мәселен, Шымкент қаласы Әл- Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов аталмыш университеттің құқықтану және заңтану факультеттерінің студенттерімен ашық пікір алмасты. Ұлт көшбасшысының өмір жолын, еліміз үшін атқарылған жұмыстарға шолу жасап, жастарға бірқатар ақпарат таратты. Аудан әкімі тек мұнымен ғана шектелмей, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берді. Әрине, қазір жастар арасында жұмыссыздық мәселесі өте көп. Ал М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да білім алушы студенттердің сауалдарының басым бөлігі мемлекеттік қызметке орналасудың амал-тәсілін білуге бағытталды.Лекторлардың бірі — Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов те өз баяндамасында: «Елбасы Ұлытау төрінде: «Қазақстанның болашағы өте жарқын! Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бұдан да керемет елде өмір сүретініне сенімдімін» деген болатын. Ұлт көшбасшысының ұлы арманы халқымыздың арман тілегімен ұштасып, ақиқатқа айналтыру сіз бен біздің қолымызда!Бүгінгі таңда әлемдік деңгейдегі саяси, әрі мемлекет қайраткері атанған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасын танып білу бүгінгі ұрпаққа парыз деп санаймын»,-деді.
ҚР Тұңғыш Президенті мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бұл жалпыреспубликалық ашық сабағының жастар үшін берері мол. Бұл күнде бұл есімді төрткіл дүниеге танымал Елбасы жайлы өзгеше ақпараттарға тап болса, өздері үшін мотивация таба алды. Даналық, көшбасшылық, көрегендігі басым қазақ басшысының жүрген жолы қашан да болашақ ұрпақ үшін үлгі. Сондықтан да, Н.Назарбаев әр сөзінде «Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол білім! Ол еңбек! Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты», — деп айтады.

674 қаралым