Шымкентте «Асар» шағынауданы нағыз шаруақорлар тұратын аудан. Мұндағы әр үйдің ауласында жылыжай бар. Жыл он екі ай бойы қызанақ, қияр өсіріп, шаруаларын дөңгелетіп отыр. 2005 жылы қазығы қағылған, үйлерінің 75 пайызы екі этажды коттедждерден тұратын мөлтекауданда қазір 1725 коттеджде 2800 отбасы, 20 мыңнан аса халық өсіп-өніп отыр.
«Бәйтеректен» қаражат алып, «мемлекеттік-жекелік әріптестік» бағдарламасы аясында сол жерге 900-пәтерлік 5 қабатты 30 үй салынған болатын. Ол үйлердің барлығы да инновациялық жобалар бойынша салынған.
Жарияланды: 04.12.2019