Жарияланды: 04.12.2019

Акция өткізді

Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында түрлі іс шараларды қолға алуда. Осыған орай, қала тұрғындарының құқықтық сауатын арттырып, азаматтарға тегін кеңес беру мақсатында ағымдағы жылдың 27 қараша күні Шымкент қаласының Әділет департаменті, жеке нотариустар, адвокаттардың, мемлекеттік сот орындаушылардың қатысуымен «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.Акция барысында келушілерге жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаны тіркеу және қайта тіркеу, өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу, нотариустар мен адвокаттарға сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Сондай-ақ, тұрғындардың әділет органы құзырына кіретін мәселелер бойынша басқа да сауалдарға жауаптар берілді.

798 қаралым