«Ескі қала» атымен танымал аймаққа салынып жатқан жаңа қалашық алдағы уақытта қайырымды қаланың сәні мен салтанаты жарасқан аумағына айналады. Сондықтанда мұндағы құрылыс жұмыстары қала әкімі Е.Айтахановтың жіті бақылауында.
«Цитадель қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының ең қызықты нысандардың біріне айналуы тиіс. 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанатынын ескерсек, аталған нысандағы археологиялық қазба жұмыстарды өте қарқынды түрде жүргізуіміз керек. Жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдарымыз көптеген тарихи жәдігерлер табуда. Келер жылы болатын айтулы іс-шараларға қазірден бастап сақадай сай болуымыз қажет», — деген болатын Ерлан Қуанышұлы.
Айта кетейк, , Шымкенттегі ескі қалашық бекінісін қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы аяқталады. Онда 500 орындық амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтеріп, қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналмақ.