Жарияланды: 04.12.2019

Шымкентте 2 қоқыс полигоны салынады

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұқарбай Парманов мәлімдеді Шымкентте көпқабатты үй тұрғындары жан басына шаққанда қоқысқа 150 теңгеден, ал жекеменшік үйдегілер 176 теңгеден төлейді. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында бұл тарифтер өте жоғары. Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй тұрғындары жан басына шаққанда 259 теңгеден, жеке үйдегілер 276 теңгеден төлесе, Алматыда 1 адамға 553 теңгеден (көпқабатты тұрғын үй) және 555 теңгеден (жеке) келеді. Қала басшылығы қоқыс бағасын көтеруді көздемей, бұл мәселені шешудің өзге де жолдарын қарастырып жатыр екен.

«Бүгінде Шымкентте 2076 қоқыс тастайтын контейнерлердің тозығы жеткен. Осыған байланысты 2020 жылға қарай жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбек. Сонымен қатар, қоқыс жәшіктерін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы инвестиция тарту арқылы жаңарту көзделіп отыр. Қоқыс тасымалдайтын техникамен қамтамасыз етудің жобалары жасалды. Мердігер мекеме анықталып отыр. Енді бюджетке салмақ салмай, мердігерлер есебінен осы жұмыстарды атқарамыз. Бұл жұмыстардың мердігерлерге тиімділігі — қоқысты қайта өңдеу арқылы энергия өндіріп, пайда таба алады», — дейді Бұқарбай Рысқұлұлы.

Арай Есенбек, Шымкент

932 қаралым