Жарияланды: 04.12.2019

Қазынадан 550 млн. теңге қаралған

үгінде Шымкент-Ташкент тас жолы бойында 1 ғана қоқыс полигоны бар.  Алайда, бұл полигон қаладан бір тәулікте шығатын қоқыс көлеміне шақталмаған. Сол себепті, салаға жауапты мамандар Алматыға шығатын жол бойынан тағы 2 қоқыс полигонын салуды жоспарлап отыр. Аталмыш жер телімдері мемлекет меншігіне өтіп, орнына полигондар салынады. Оның бірі тұрмыстық қалдықтарға арналса, екіншісі құрылыстан қалған қоқыс үшін. 2 полигонның жобалық сметалық құжаттарын дайындауға қазынадан 550 млн теңге қаралған. Полигонның маңайы қоршалып, абаттандырылатын болады.Келер жылы қала келбетін жақсарту мақсатында да атқарылатын біраз жұмыс жоспарда бар екен. Мегаполис аумағында 7 млн түп ағаш пен гүл көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр.

Арай Есенбек, Шымкент

«Азаттық рухы»

839 қаралым