Жарияланды: 04.12.2019

Қайырымды қала тұрғындары қайырымды іс жасады

Халықаралық мүгедектер күніне орай Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар қуанышқа кенелді. Қала әкімдігіне қарасты басқарма қамкөңіл жандарды бір серпілтіп тастады.

«Мемлекет үшін ең қиын, ең маңызды — әлеуметтік қорғау саласы. Қызметте түрлі жағдайлармен танысамыз. Он екі мүшесі сау адамдардың тегіннен олжа тапқысы келетінін күнде көз көріп, бой үйренді. Уайымы жоқтық, қарыны тоқтық аздырар адам баласын,- деп абыз Абай атамыз айтқандай, барша адамдар мүмкіндігіне қарай қозғалмай, дәйім бір сенімде, бір танымда қозғала білу керек деп ойлаймын. Сіздерді аталған мерекемен құттықтай отырып, өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Сіздер бақытты өмір сүру үшін талпынсаңыздар, біз сіздердің сол мақсатқа жетулеріңіз үшін қызмет етеміз», — деді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев. Мүмкіндігі шектеулі жандарға және аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік таратты.

 Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі

839 қаралым