Жарияланды: 04.12.2019

4 бағыт абаттандырылады

Шымкент қаласының әкімі Қала әкімі Ерлан Айтаханов қалаға кіреберістегі 4 бағытты абаттандыру жөнінде тапсырма берді. Жобалары бекітіліп, анықталды. Бірінші бағыт — Түркістан қаласынан кіреберістегі 5 шақырым жолға 100 мыңнан астам көшет егу жұмыстарын бастадық. Жерді тегістеп, көшеттерді суғаратын ұңғымалар қазып, айналасын абаттандыратын боламыз. Екінші бағыт — Бозарық арқылы Алматыға кететін жол бар. Ол жерде 8 шақырым жер. «Ол жаққа да көшет, ағаш егуді бастаймыз. Үшінші бағыт — Ташкент тас жолының бойы. Төртінші бағыт — Төлеби ауданына апаратын жолдың бойы», — дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов.

Арай Есенбек, Шымкент

Азаттық рухы

743 қаралым