Жарияланды: 04.12.2019

249 көше жарықтандырылады

Биыл Шымкентте келер жылы қалада 10 үлкен саябақ қолданысқа беріледі деген жоспар бар. Сондай-ақ, қала билігі 249 көшені жарықтандыруды көздеп отыр, осы мақсатта қазынадан 2,5 млрд қаржы сұралған.  Шымкент қаласының 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы атануына орай, қалада тез көгеретін роза, раушан гүлдерін егіп, шынар, туя, прион ағаштарын егу жоспарланып отыр. 

«2019 жылы абаттандыру және қаланың инфроқұрылымын дамыту бойынша біраз жұмыстар атқарылды. Келер жылы атқарылатын жұмыстардың жобалары бекітіліп, қаржысы анықталды. Қазынадан тиісті қаржы бөлінсе, атқаратын боламыз. Алдағы үш жылда жоспарды 99 пайызға орындауды көздеп отырмыз. Әрине, оның барлығы мемлекеттік бюджет есебінен емес, көптеген жобаларды инвесторлар арқылы қаржыландыруды ойластырып отырмыз», — деді қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов.

Арай Есенбек, Шымкент

Азаттық рухы

 

637 қаралым