Жарияланды: 05.12.2019

Тура жолға бағыттау мақсатында…

Өзге ағымның жетегінде адасқандарды тура жолға бағыттау жолында бүгінде қала әкімдігіне қарасты басқармалар ауқымды жұмыстар атқаруда. Олардың қоғамның бір кірпіші болып қалануы үшін барынша жағдай жасалуда. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің және Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «Жусан» операциясымен қайтарылған азаматшалардың ұл-қыздарын дәстүрлі құндылықтарға баулу мақсатында кішкентай көрермендердің көзайымына айналған Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында елімізге белгілі жазушы Мархабат Байғұттың «Достық мектебі» пьесасының желісімен қойылған қойлымды балалар тамашалап, бір марқайып қалды. Қойылымды тамашалауға келген ата-аналарда, балаларды, қуыршақ театры өнерімен сусындатқан ұжымға шексіз ризашылықтарын білдірді.

708 қаралым