Жарияланды: 05.12.2019

Қайырымды қаланың қайырымды істері

Қала әкімі Ерлан Айтахановтың «Шымкент – қайырымды қала» жобасына әкімдікке қарасты басқармалар қолдау білдіруде. Қайырымдылық, ізгілік, демеу сияқты ұлы ұғымдардан бастау алып, көңілге қуаныш сыйлаған «БАЛАҒА МЕЙІРІМ СЫЙЛА» атты Қорғаншылар күніне арналған қайырымдылық іс-шарасы Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында өтті. Бұл шара әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялатты, барша жанды ынтымақтастыққа, бауырмалдыққа шақырды. Бала сенімінің нық болуына қадам жасаған іс-шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған Шымкент қаласының Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Қалтаев Жандос Төлембекұлы болды. Бағыты айқын, болашағы жарқын елімізде осындай қайырымдылық іс-шаралары өз жалғасын таба беретіндігіне сенім мол.

 

810 қаралым