Жарияланды: 05.12.2019

14 метр тереңдіктен табылған құндылықтардың музейі орналаспақ

Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы барына негізгі дәлелдерді археологтар ескі қалашықтағы  Цитадельдегі қазба жұмыстары кезінде табылғанын тілге тиек етіп жүр. Зерттеушілердің бірі де бірегейі, ғалым, тарих ғылымдарының докторы Бауыржан Байтанаев «Цитадельді зерттеу барысында қазба жұмыстарынан 8 зеңбірек, жарылған оқ жарықшақтары, құмыралар, түбектер, шырағдандар және әшекейлер мен алтын мен күмістен соғылған ақшалар табылды. Шымкенттің өз мұражайын ашуға жететін дүние қолымызда бар» деп еді. «Шымкент қалашығын» реставрациялау және музейлендіру жөніндегі «Цитадель» жобасы тартымды туристік нысанға айналмақ. Мұнда ерекше  амфитеатр және 14 метр тереңдіктен табылған құндылықтардың музейі орналаспақ.

719 қаралым