Халық жиі тұтынатын кашемирден жасалынатын өнімдер «Шымкент-Кашемир» кәсіпорнында шығарылады. Қазақы қой мен түйе жүнінің түбітінен жасалынатын өнімді өндіруде мегаполис елімізде көш бастап тұр. Тұңғыш Президент ашқан кәсіпорын жылына 400 тоннадан астам түбіт өңдеуге қауқарлы. Қазақ халқы ықылым заманнан сапалы әрі көрікті киіге құмар болған. Ол оның талғампаздығының көрінісі. Сол дәстүр толастап қалған емес. Қазақстанда түбіттен және жүннен топстан жасалған бұйымдардың өндірісімен айналысатын жалғыз кәсіпорын әзірге Шымкентте ғана бар. Құрал жабдықтың бәрі автоматтандырылған. Инфрақұрылыммен толық қамтылған. Шымкенттің қазынасын толтырып, мол салық төлеп отырған кәсіпорынның бірі, деп хабарлайды shymkenttv.kz.Шағанбек Қанжарбайұлы «Шымкент-Кашемир» ЖШС-нің директоры: «Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды.Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тікелей телекөпір арқылы ашқан болатын.Өндіріс орны Кәсіпорынды аяққа тұрғызу оңай болған жоқ. Тақыр жерден тұрғызды десе де болады».
Жарияланды: 05.12.2019