«Шымкент-Кашемир» кәсіпорны бүгінде қарқынды даму үстінде. Бұған дейін Қазақстанда түбіт тарау кәсібі болмаған. Алғаш рет құрылғылар Қытайдан әкелініп жүн тарау, түбіт өндіру жұмысы басталды. Тиімдісі – облысымызда шикізат жетеді. Қой ешкінің әсіресе түйе жүні жеткілікті мөлшерде. Облыстан бөлек Алматы,Орталық Қазақстан,Жезқазғаннан қара қойдың жүні әкелінеді. Кәсіпорын басшылығы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына үн қоспақ. Екпін Мұхадылұлы – жүн түту цехының басшысы
Тоқыма цехындағы бұйымдар синтетикалық қоспасы жоқ таза қой жүнінен жасалатын жіптен тоқылады.Бірі компютер жүйесі арқылы жүзеге асады.Онда үлкендер мен балаларға арналған кеудешелер мен жейделер , мойын орағыш секілді 50 ден астам тоқыма бұйымдары өндіріледі.
Кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс ауқымын екі есеге ұлғайтпақ. Осы орайда Францияның озық үлгідегі құрылғыларымен жабдықталған ауқымды өндіріс цехын іске қосуды жоспарлап отыр.Оны игеруге жапондық мамандар көмектесуде. Әрі кәсіпорын өніміне үлкен көлемде тапсырыс беріп отыр. Өндіріс цехы таяу арада пайдалануға берілмек, деп хабарлайды shymkenttv.kz.
П.Биназарқызы