Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Н.Жаманкөздің айтуы бойынша бүгінде «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы 24,6 млрд теңгеге 25 нысанның құрылыстары жүргізіліп пайдалануға берілген. Кәріз жүйелерін жүргізу (210,1 км), магистралды жылу құбырларының қайта құру жұмыстары (20 км); 9 мектеп (7200 орын);2 инженерлік-коммуникациялы инфрақұрылым нысандары; 4 автокөлік жолдары; 2 тұрғын үй құрылысы (7,4 мың шаршы метрді құрайтын 288 пәтер) сынды атқарылған жұмыстар бойынша қалалық құрылыс басқармасының басшысы Е.Ахметов айтты. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов алдыңғы мәжілісте айтып жүргендей инфрақұрылым жүргізбей тұрғын үй салу дұрыс еместігі назарда тұр.
Жарияланды: 05.12.2019