Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында бүгінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет тарапынан қолға алынған жәрдемақыдан Шымкент қаласының тұрғындары да шет қалмауы үшін бүгінде қала әкімдігі ауқымды насихат жұмыстарын бастап кетті. «Атаулы әлеуметтік көмектің» 2020 жылдың 3 қаңтарынан енгізілетін жаңа сипатын түсіндіру бойынша Нұрсәт шағынауданында орналасқан №3 емханада Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының басшысы — Балтаев Ғалымжан, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші–қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы — Нурсеитов Аманжол, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары – Ерлан Бекназаров мемлекет басшысының әлеуметтік қолдау бойынша берген бірқатар тапсырмалары азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатында шараларын жалғастыруда. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» шараларын іске асыру аясында 2020 жылдың 3 – қаңтарынан бастап қазіргі таңда аз қамтылған азаматтарға төленетін әлеуметтік көмектің екі түрі жүзеге асырылатынын аудан тұрғындарына түсіндірді.
Жарияланды: 05.12.2019