Жарияланды: 07.12.2019

Заңғары биік қала

«Қайырымдылық адамдар жанынан берік орын алғанда, не адамдар ұстамды болғанда қалаларда теріс қылықтар жойылады» дейді ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл Фараби. Ұлы философтың «Қайырымды қала» атты трактаты сан ғасырлар бойы ізгіліктен, адамдықтан айнымауға үндеп келеді… Үшінші мегаполис мәртебесін иеленген Шымкент те қайырымды қала жобасын бастап кетті. Күні кеше қала әкімі Ерлан Айтаханов: «Ғасырлар бойы тіршілігі үзілмеген, заңғары биік, аңғары көркем, ғажайып асқар Алатау сілемдерінің күнгейіндегі Шымкент қаласының тарихын танытып, өзіндік бет-бейнесі мен болмысын байқататын уақыт жетті» деді. Келер жылы мәртебелі мерейтойларды, мәдени астана мәртебесін айшықтайтын айтулы жыл болғалы тұр. Осы тұрғыда бүгінде қалада қызу дайындық жұмыстары басталып кетті. Қала әкімдігі тарабынан атқарылып жатқан шаруа көп.

851 қаралым