Жарияланды: 07.12.2019

Өнідіріс ошақтары көбеймек

Үшінші мегаполис мәртебесін иеленген Шымкент бүгінде экономикасы қарыштап дамыған, әлеуеті артқан алып қалаға айналып келеді. Ең алдымен халықтың әл ауқатын жақсартуға ден қойып отырған қала басшылығы бар мүмкіндіктерді қалт жібермей, барынша тер төгуде. Бүгінде Шымкент қаласында 380 өндірістік кәсіпорын бар. Оның 75-і ірі және орта өнеркәсіп кешендері, 243-і шағын кәсіпорын, 36 қосалқы кәсіпорын жұмыс жасауда. Кәсіпорындарда қаншама халық нәпақасын тауып отыр. Алдағы уақытта іргелі өндіріс орындары арта түспек. Бұл дегеніңіз Шымкент барынша экономикасы дами түседі деген сөз.

875 қаралым