Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданы аумағындағы елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамту мақсатында қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, 2019-2021 жылдарға дейінгі даму жоспары әзірленген. Аталған іс-шара жоспарына сәйкес, бірінші кезекте инфрақұрылым жүйелері қамтылмаған аумақтарды қамту бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары Сайрам тұрғын алабының Жаңақұрылыс аумағы мен Достық шағынауданының жаңақұрылыс аумағында жүргізілуде. Ал, Тассай тұрғын алабы мен Тұран шағынауданында жұмыстар қаржы тапшылығына байланысты алдағы уақытта қолға алынбақ.
Жарияланды: 07.12.2019