Жарияланды: 07.12.2019

Инвесторлыққа үміткер көп

Күні кеше Шымкентте тоқыма фабрикасы іске қосылды. «Инвесторды таңдауда оның инвестиция көлеміне ғана емес, осы саладағы тәжірибесін де басты назарға алдық. Сыртқы нарықта өнімі танылған Түркия, Үндістан, Пәкістан, Қытай және Өзбекстан елдерінің кәсіпорындары қатысты. Біз олардың шикізатпен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін де ескердік. Себебі, бұл өнімнің экспортқа шығара алатындай сапасы жоғары болуы тиіс. Тіпті, «Alliance» жіп иіру фабрикасында иірілген жіпті сатып алуға түркиялық әріптестеріміз ниет білдіріп отыр. Фабрика жылына 6000 тонна мақтаны иіруге қуатты. Шикізаттың көбін Түркістан облысы  Мақтаарал ауданынан алатын болады» дейді «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы Ермек Сакишев. 

 

Ақмарал Молдиярқызы

Шымкент келбеті

794 қаралым