Бүгінде Шымкент қаласына қарасты аудандардың әкімдері халықпен тығыз қарым қатынас орнатқан. Қаладағы инфрақұрылым жағдайын ұдайы назарда ұстайды. Қаратау Аудан әкімі Абзал Шымкентбайұлы «Достық» тұрғын алабындағы Тіленшин көшесінде жүргізіліп жатқан құрылыстың сапасын тексерді. Мердігер мекемеге жұмыс барысын сапалы атқару және бірінші кезекте тұрғындарға қолайлы орта қалыптасыру бойынша тапсырмалар берді. Аудандағы барлық елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы аудан әкімінің тұрақты бақылауында.
Жарияланды: 07.12.2019