Бүгінде Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты 4 аудан бар. Олардың барлығы да тұрғындармен кері байланыс орнатып, әр өтінішке нақты жауап беріп, мәселенің түйінін тарқатуға сеп болуда. Мәселен, Қаратау ауданы әкімі аппаратына жыл басынан 534 өтініш келіп түскен. Ол жердегі басты сұрақтар әлеуметтік көмек және инфрақұрылым мәселелері. Оның 224 өтініші қанағаттандырылып, мәселесі шешілді. Ал, 237 өтініш басқа құзырлы мекемелерге жолданды.
Жарияланды: 07.12.2019