Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында қала әкімінің орынбасары Б.Пармановтың төрағалығымен «Шымкент қаласының Кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен бірлесе, Шымкент қаласының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысында жалақы қарыздары, өндірістік жарақаттың алдын алу, жұмыскерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын азайту, еңбек дауларын болдырмау алдын алу және жазатайым оқиғаларға алып келетін негізгі себептер талқыланды. Сонымен қатар, Елбасының 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 «Еңбек күні» мерекесін атап өту Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылғы 21 мамырда бекітілген «Еңбек жолы» конкурсын өткізуді ұйымдастыру және «Еңбек күні» мерекесін өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында қаламызда ірі, орта және шағын кәсіпорныдардан 50-ге жуық үміткерлердің қатысуымен онлайн дауыс беру арқылы өткізілген «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Мұның барлығы да өз кезегінде қайырымды қаланың тұрғындарын еңбек етуге, еңбекті құрметтеуге үндемек.
Жарияланды: 07.12.2019