Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданын сапалы электр жарығымен қамту мақсатындағы құрылыс жұмыстары Асар-2 шағынауданы мен Тассай, Өтеміс және Шапырашты тұрғын алаптарында кестеге сәйкес жүргізілуде. Достық шағынауданының жаңақұрылыс аумағын сапалы электр жарығымен қамту үшін құрылыс жұмыстарын атқаруға мемлекеттік сатып алу рәсімдері атқарылған. Ауданды толықтай инфрақұрылыммен қамту жақын болашақта мүмкін болмақ.
Жарияланды: 07.12.2019